Қазақстанда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні аталып өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Еліміздің кәсіби мерекелері тізбегіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні (18 қараша) енгізіліп, аталып өтті.
Бұл күн айтулы тарихи оқиғаны бейнелейді – 2014 жылы осы күні ұлттық заңнамаға алғаш рет «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары» ұғымы енгізілді.
2019 жылы Президенттің Жарлығымен Президентке тікелей есеп беретін дербес құқық қорғау органы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.
Сонымен қатар, айтулы күні Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз және қағидатты күрес жүргізу бойынша қойған міндеттерін шешуге арнайы қабілетті кәсіби орган құрылды.

Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жеке құрамның, Қоғамдық кеңес мүшелерінің, сала ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында үздік қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен заңдылықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталып, көпжылдық кәсібилігі мен адалдығы жас қызметкерлерге үлгі болған қызмет ардагерлеріне ерекше алғыс айтылды.

Дина Ғалымжанқызы