Қазақстанда алғаш рет төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы кафедрасы ашылды

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы дәрігерлерінің біліктілігін жетілдірудің бірінші циклы аяқталды. Алғашқы тыңдаушылар - Апаттар медицинасы орталығының 10 маманы - оқуды аяқтағандары туралы сертификаттар алады.
2009 жылы қазанның 1-інде «Астана Медицина университеті» акционерлік қоғамында жаңа кафедра - Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы кафедрасы ашылды. Кафедраның қызметі «Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы» мамандығы бойыша дәрігерлер дайындау, сондай-ақ сәйкес профильдегі дәрігерлерді қайта мамандандыру және біліктіліктерін жетілдіру міндеттерін қарастырады.
Апаттар медицинасы орталығы мен «Астана Медициналық университеті» акционерлік қоғамының ынтымақтастығының стратегиялық мақсаты - Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасының ғылыми мектебін құру болып табылады.