Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде алғаш рет 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында Президент жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен мемлекетіміздің бүкіл аймақтарында турникке тартылудан сайыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді
Видеодан алынған кадр

Жоба жетекшісі - қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер, Street Workout-тан Қазақстан және әлем бойыша бірнеше дүркін рекорд иесі, Street Lifting бойынша Еуропа рекорд иесі, Қазақстандағы Street workout қозғалысының негізін қалаушыларының бірі Айтым Жақыпов.

Street Workout - көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығу жасайтын көше гимнастикасы. Қатысушы көбірек тартылған сайын жүлде жеңіп алу мүмкіндігі арта түседі.

Жарысқа қатысушылар салмағы мен жас ерекшелігіне қарай 9 категорияда бақ сынайды.

Сонымен қатар, жарыс ресми қазылар алқасының қатысуымен өтеді.

Әр қаладағы 9 категория бойынша жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алады.

Қатысушылар категориясы:

18 жасқа дейін (Junior)

1) салмақ – 55 кг дейін

2) салмақ – 55 кг бастап 70 кг дейін

3) салмақ – 70 кг бастап жоғары қарай

18 жастан 30 жасқа дейін (жастар)

4) салмақ – 65 кг дейін

5) салмақ – 65 кг бастап 80 кг дейін

6) салмақ – 80 кг бастап жоғары қарай

30 жастан жоғары қарай (үлкендер)

7) салмақ– 80 кг бастап;

8) салмақ – 80 кг бастап 90 кг дейін;

9) салмақ – 90 кг бастап жоғары қарай.

Әр қаладағы жүлде қоры:

1 орын 200 000 тг

2 орын 100 000 тг

3 орын 50 000 тг

Гранд финалдың жүлде қоры:

1 орын 3 000 000 тг

2 орын 2 000 000 тг

3 орын 1 000 000 тг.

Гранд финал Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйек күні өтеді.

Әр қаладағы сайыс күнтізбесі:

9:00- 11:00 Тіркеуден өту, салмақ өлшеу, қатысушы нөмірін алу

11:00-11:30 - Салтанатты ашылу

11:30- 13:30 - Сайыс

14:00- 15:00 – Жеңімпаздарды марапаттау.

Фестиваль еліміздің 20 қаласында өтеді.

10 шілде республикалық TARTYL FEST спорт фестивалі Алматы облысы Қонаев қаласы «Жағажай» спорт алаңынан басталады.

Өтетін күні және қалалардың тізімі:

Қонаев 10 шілде

Талдықорған 14 шілде

Алматы 17 шілде

Тараз 20 шілде

Шымкент 23 шілде

Түркістан 25 шілде

Қызылорда 27 шілде

Ақтау 31 шілде

Атырау 3 тамыз

Орал 6 тамыз

Ақтөбе 9 тамыз

Қостанай 12 тамыз

Петропавл 15 тамыз

Көкшетау 18 тамыз

Жезқазған 21 тамыз

Қарағанды 24 тамыз

Павлодар 27 тамыз

Семей 30 тамыз

Өскемен 2 қыркүйек

Нұр-Сұлтан 6 қыркүйек

10 шілде күні Алматы облысы Қонаев қаласы «Жағажай» спорт алаңында республикалық TARTYL FEST спорт фестивалі өтеді.