Қазақстанда алғаш рет жүрек пен бауырды ауыстыру операциялары жүргізіледі

АЛМАТЫ. 5 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Жүрек ауыстыру жөніндегі бірінші операция 2011 жылы қараша айының ортасында өткізілмек.

Қазақстанда алғаш рет жүрек пен бауырды ауыстыру операциялары  жүргізіледі

Оны шетелде оқып келген біліктілігі жоғары мамандар жасайды. Ал, бауырды ауыстыру жөніндегі операцияны желтоқсанда жасау көзделген.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шамамен 1200 пациенттің жүрегін ауыстыру керек, сонша адамның бауырын да ауыстыру керек болып отыр»,-дейді мамандар.

8 қараша күні Алматы қаласындағы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінде осы трансплантология мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатына Сызғанов атындағы ҰХО бас директоры, профессор, РМҒА академигі Жеткерген Арзықұлов, Сызғанов атындағы ҰХО кардиология бөлімінің меңгерушісі профессор Арыстан Сейдалин, Yumgiskor Holding компаниясының медицина департаментінің директоры Қорлығайын Сексембаева қатысады