Қазақстанда алғашқы әскери-патриоттық «Жас Ұлан» сериалының түсірілімі аяқталып келеді

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстанда алғашқы әскери-патриоттық «Жас Ұлан» сериалының түсірілімі аяқталуда,
None
None

деп хабарлады Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен.

8 сериялық көркем сериалдың қорытынды түсірілімі сейсенбі, сәуірдің 6-сы күні Астанадағы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінде өтеді.

Көркем фильм жасұландық үш дос туралы баяндайды. «Балалар даңқ пен абыройдың, ерлік пен қайраттылықтың, құрметтің не екенін білетін болады. Ұландықтардың арманы мен мақсаты - Отан қорғаушы атану», делінген «Қазақфильмнің» хабарламасында.

Фильмнің түсірілімі 2010 жылы ақпан айының орта шенінде басталған. Басты рольдерді «Жас Ұлан» мектебінің оқушылары орындайды. Сондай-ақ фильм жұмысына Президенттің жеке гвардиясының қызметкерлері де тартылған.

Картина продюсері - Әлия Уәлжанова, қоюшы-режисер - Серікбол Өтепбергенов, сценарий авторы - Бекболат Шекеров, Ғазиз Насыров, скрипт-доктор - Ермек Тұрсынов.

Фильмді «Aldongar Productions/Kazakhstan» кинокомпаниясы түсіруде.

Соңғы жаңалықтар