Қазақстанда алғашқы әскери шерудің өткеніне 21 жыл толды

Бұл жолы ол Жауынгерлік парад түрінде Жамбыл облысындағы "Отар" 40-шы әскери базасында ұйымдастырылып отыр. Қарулы Күштердің барлық әскери техникаларының мүмкіндігі ұрыс жағдайында сыналатын мұндай шара Қазақстан ғана емес, ТМД аумағында тұңғыш рет өткелі отыр. Салтанатты әскери шерумен басталатын бұл парадты ҚР Президенті- ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалайтын болады. Жауынгерлік парад телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
21 жыл бұрын алғашқы әскери шеруді Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов қабылдаған еді. Одан кейін бұл шара 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай 7 мамырда және 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Конституцияның 16 жылдығына байланысты 30 тамызда Астанада өз жалғасын тапты.