Қазақстанда алғашқы «электронды аукцион» өтті

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда «электронды бәссауда» негізінде алғашқы мемлекеттік сатып алулар өтті.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Электрондық коммерциялар орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Сұлтанжан Ахметов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, шілде айында өткен он-лайн аукционда сканер құрылғысы сатып алынды. «Электронды бәссауда» барысында аталған аппараттың бағасы 13 млн. теңге көлемінде белгіленді. Аукционның нәтижесінде ол 12 млн. 467 мың теңгеге сатылды. «Осылайша алғашқы электронды аукционда сатылған тауардан ақшаның 4,1 пайызы үнемделді. Әрине, ол көп емес. Алдағы уақытта он-лайн аукционның арқасында үнемделетін қаржының орташа көлемі 15 пайыз болады деген жоспар бар», - дейді С.Ахметов.

Жалпы, биыл мемлекеттік сатып алулардың электронды жүйесі 14,3 млрд. теңгенің бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік берді. Ал соңғы төрт жылдың ішінде үнемделген қаражаттың көлемі 90,5 млрд. теңгені құрады. Енді, бұл жүйеге «электронды бәссауда» да қосылды.  

Айта кетейік, «электронды аукцион»www.goszakup.gov.kz веб-порталында жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар