Қазақстанда алғашқы технологиялық әдебиеттер баспасы ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 16-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстанда тұңғыш технологиялық әдебиеттер баспасы ашылды.
None
None

Аталмыш баспа елімізге кеңінен танымал «Арыс» баспасымен бірігіп жасалған жоба болып табылады. Бұл жайында «Тәуелсіз басылым редакторларының қауымдастығы» ҚБ-нің президенті, «Жан» баспасының директоры Жангелді Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ж.Есенбаев соңғы деректер бойынша елімізде 800-ден аса баспа ұйымы мен 700-ге жуық полиграфиялық мекеме жұмыс істейтіндігін айтады. «Олардың 80 пайызы көркем әдебиет шығарса, қалғандары түрлі сала бойынша кітап өндіруде. Дегенмен біздің кітап нарығымызды ресейлік басылымдардың өнімдері жаулап алғаны айдан анық», дейді қауымдастық президенті.

Сондай-ақ ол қазақ басылымдарының бағыты мен жүйесі жоқтығын айтады. «Біздің баспаның басты бағыты - адам жанының құпиясын зерттеу, қазақи аудиторияны оккультты ғылымен кеңірек таныстыру және шығыс ғалымдарының еңбектері мен қазақы нанымдарды дәріптеу», дейді Ж.Есенбаев.

Қазіргі уақытта баспа «Тылсым дүние» атты сериялық кітапты дайындау үстінде. Сонымен қатар келешекте «Қазақтың ырымдары» сериялық кітабын шығаруды жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар