Қазақстанда әлі де 700-ден астам науқас коронавирустан емделіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы жайында мәлімет таратты.
7 қарашадағы мәлімет бойынша, 719 адам коронавирус инфекциясынан (–571+ және 148 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 86 пациент стационарда, 633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.