Қазақстанда алкоголь және мұнай өнімдері онлайн режимде қадағаланады
Таратылған мәліметкен сәйкес, жүйеге 48 алкоголь өнімдерін өндіруші, 3 ірі мұнай өңдеу зауыты және 15 шағын мұнай өңдеу зауыты қосылған.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ зауыттармен бірге жүйеге деректерді беру және қосу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта жүйеге қосылған зауыттар мен нысандар ақпаратты есептеуіш бақылау құралдарына онлайн режимде береді. Сондай-ақ, «КазАлко» қауымдастығы, «Қазақстанның сыра қайнатушылар одағы" ЗТБ және «Kazenergy» қауымдастығы мүшелерімен, басқа да өндірушілер мен нысандар жұмыстар жүргізілуде» - деп атап өтеді «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі.
Айта кетерлігі, бұрынғы қолданыстағы есептеу жүйелері ескірген және өңдеу көлемі туралы ақпаратты беруді тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Бұған қоса күн, ай, тоқсан және жыл бойынша есептерін қалыптастырмаған, деректер тек өткен 90 күн бойынша сақталатын. Осы процесті жетілдіру мақсатында жаңғыртылған есептеуіш бақылау құралдары енгізілді. Бұл құралдар өндіріс және айналым көлемдері туралы ақпаратты онлайн режимінде автоматты түрде беруді қамтамасыз етеді.
«Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында, облыстық маңызы бар қалаларда және аудан орталықтарында орналасқан жанар-жағармай станцияларына есептеуіш бақылау құралдарын орнату жұмыстары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін аяқтау жоспарланған», - делінген баспасөз хабарламасында.