Қазақстанда алманың 70 пайызы сырттан тасылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Шайқорық бауы» АӨК негізінде өтіп жатқан ғылыми-практикалық семинарда халықаралық деңгейдегі үздік сарапшылар қарқынды бағбаншылықтағы заманауи технологиялар мәселелерін талқылады.

 Қазақстанда алманың 70 пайызы сырттан тасылады

Шараға облыстық және аудандық әкімдіктердің, мемлекеттік даму институттарының, банк саласының өкілдері, жеке инвесторлар, аймақтық бағбандар қатысты. Семинарды «FTC Equity» ЖШС - польшалық және италиялық серіктестерімен бірігіп және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Тараз» ӘКК» АҚ қолдауымен ұйымдастырды.

Биыл Жамбыл облысында жылына 3 мың тонна алма беретін алғашқы жоба - «Шайқорық бауы» АӨК іске қарқынды алма бағы қосылды. Биылғы маусым айында пайдалануға берілген жобаның құны - 709,7 миллион теңге. Жалпы аумағы -77 гектар, оның 50 гектарында Голден делишес, Айдаред, Гала тұқымды алма көшеттері егілді. Жеткізуші - Arno Group (Польша) компаниясының Қазақстандағы өкілі - «FTC Equity» ЖШС болды.

Қарқынды бау 3-4 жылдан кейін мол өнім бере алады. Егер дәстүрлі бау шамамен 5-10 тонна жеміс берсе, қарқынды бау - 70 тоннаға дейін жеміс бере алады.

Бүгінгі таңда Қазақстан алыс шетелден жылына 150 мың тонна алманы импорттайды. Отандық өндіріс жалпы тұтыну көлемінің 30 % ғана қамтиды. Алайда, өткен жылдардың тәжірибесі мен заманауи технологияларды пайдаланып, Қазақстанның бағбаншылығы жаңа даму деңгейіне көтеріліп, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы локомотивтерінің біріне айналуы мүмкіндігі бар.

2016-2020 жылдарға арналған Жамбыл облысы аумағындағы даму бағдарламасы бойынша қарқынды бау аумағын 1600 гектарға жеткізіп, облыс аумағының жемісті тұтыну нормасының 85% қамту жоспарланған. 

null null null null null null