Қазақстанда алтын мен күмістің қанша тонна қоры бар

алтын күміс
Фото: Pixabay

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізде барланған алтын мен күміс қорына қатысты мәліметті бөлісті, деп хабарлайды Kazinform.

«Пайдалы қазбалардың мемлекеттік есебінің 2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметіне сәйкес алтын қоры — 1,4 мың тонна, күміс қоры — 29,1 мың тонна», — деп жауап берді министрлік агенттіктің сауалына.

Ведомство мәліметінше, өткен жылы 9 айда уәкілетті ұйым бағалы металдар мен асыл тастан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіретін 199 заңды және жеке тұлғаны тіркеген.

«Оның ішінде елімізде өндірілген алтын мен күмістен зергерлік бұйым жасайтын негізгі кәсіпорындар мыналар: „Қазақювелир“ АҚ, „ЮП Жемчужина“ ЖШС, „Алматинский ювелирный завод“ АҚ, „Aisafi“ АҚ, „Diamond Exclusive“ АҚ, „Адамант Сервис“ АҚ, „Зергер Плюс“ ЖШС, „Kazyna Gold Jewelry“ ЖШС, „KY Factory“ ЖШС, „Senat Gold“ ЖШС, „SILVER PRICE“ ЖСШ, „ЮФ Тенгри Голд“ ЖШС, „ADAMI“ ЖК, „Т.Р.З.К.“ ЖК және „Кристалл-L“ ЖК», — деп атап өтеді миинстрліктен.

Соңғы жаңалықтар