Қазақстанда алтын алудың жаңа технологиясын енгізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық Технологиялық даму агенттігі отандық кәсіпорынға алтын және сирек жерасты металдарын алудың жаңа технологиясын әзірлеуге грант бөлді.
None
None

 «Лесь» ЖШС (ШҚО) холдингтің еншілес ұйымынан алтын, минералдық және техногендік шикізаттан  қанықтығы жоғары энергетикалық алаңдағы сирек металл, сирек  жерасты металдарын алудың өнеркәсіптік аса жоғары жиілікті технологиясын әзірлеуге 21, 5 млн теңге көлемінде грант алды.   Алтын, сирек металл, сирек жерасты металдарының концентратын өндірудің классикалық технологиясы бұдан басқа кенді көп кезеңді ұсақтау және конвекциондық электр пешінде концентратты кептіру сияқты энергия шығындайтын кезеңдерді қамтиды. Алтын алған жағдайда, қосымша шығындар кенді беріктендіру қажеттігіне байланысты.  Мұндай технологияның ұзақтығы мен шығындылығы кәсіпорындарға өндірістік қуатты едәуір ұлғайтуға мүмкіндік бермейді», - деп атап өтті «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқарушы директоры Олжас Әлтаев.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес бұл технология бірегей болып табылады, ал қолданыстағы аналогтар өнімділігі жағынан артта қалады,  қымбат әрі қолайсыз.

 

Соңғы жаңалықтар