18:15, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қазақстанда «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Орталық Қазақстаның далалық және шөлді экожүйелерінің бірегей биоалуандылығын сақтау мақсатында «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев мәлім етті.
Резерват Қостанай облысының Жангелдин және Амангелді аудандарының жерлерінде құрылған. Оның аумағына киіктердің популяциясына кіретін негізгі мекендеу, қоныс аудару және төлдеу жерлері енді. «Алтын дала» резерваты киіктердің қорғалуын қамтамасыз етіп, олардың санын арттыруға көмектеседі», - дейді Е.Нысанбаев.
Резерваттың флорасына аңдардың 370 астам түрі кіреді. Сондай-ақ бұл жерде Қазақстанның ең ірі тұйық өзен бассейні (Торғай және Улы Жыланшық өзендері) мен бірегей көлдер жүйесі, оның ішінде өңірдегі ең ірі бұлақтық орнитологиялық аумақ - Сарықопа көлінің тұщы сулы жүйесі бар.