Қазақстанда «Алым-салықтан таза мектеп» акциясы басталды

АСТАНА.  Қыркүйектің  9-ы.  ҚазАқпарат - Қыркүйектің  9-ы мен  қазанның  9-ы аралығында   Қазақстанда  «Алым-салықтан таза мектеп»    акциясы  өз жұмысын   бастады.
None
None

Шараны  ұйымдастырушылар  мектептің,  сыныптың  қорларына,  мектеп жабдықтарын сатып алуға,  жөндеу  жұмыстарына,  оқулықтарға  ақша  жинау фактілерімен  кездескен  барлық  азаматтарды хабарласуға     шақыруда.    Сондай-ақ,   ұйымдастырушылар    мектептердегі  алым-салықтарды  түп-тамырымен жою тетігіне қатысты    азаматтардың   нақты ұсыныс-кеңестерін  тыңдауға  әзір.

«Жедел  желі»  телефондары:  Алматыда - 376 4037,  Астанада -  97 83 78.

Бұл  акцияны   Қазақстандағы  «Дағдарыс орталықтары  одағы»   Астана қаласының ішкі саясат   басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып  отыр.

Соңғы жаңалықтар