Қазақстанда ана мен бала өлімі оқиғаларына жариясыз тексеріс жүргізетін Орталық комиссия жұмыс істей бастады

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап аналар аурулары мен олардың өлімімен аяқталатын оқиғаларға тексеріс жүргізетін Аналар өлім-жітімінің жариясыз аудиті жөніндегі орталық комиссия жұмыс істей бастады.
None
None
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында аталмыш Орталықтың төрайымы, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ның вице-президенті Талшын Үкібасова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Т.Үкібасованың атап көрсеткеніндей, бүгінде ана мен бала өлімінің жариясыз аудитімен айналысатын комиссия республиканың барлық аймақтары мен ауыл-кенттерінде жұмыс істей бастады. «Жариясыз аудитті жүргізудегі басты мақсат - кінәлілерді жауапқа тарту емес. Жүкті және босанған әйелдің өліміне алып келген кемшіліктерді, атап айтқанда, сапалы медициналық көмек көрсетуге кедергі болған факторларды анықтап, оларды түзеу арқылы аналар өлім-жітімін азайту болып табылады», дейді ол. Жариясыз тексеріс барысында сауалнама мен анкета толтыру әдісі қолданылады және олар анонимді түрде толтырылатын болады. Бұл Орталық комиссия өкілдерінің айтуынша, қайғылы аяқталған оқиғаның нақты себептерін баяндап беру үшін кіші медициналық қызметкерлер мен дәрігерлерде шындықты жазу қорқынышын болдырмау мақсатында жасалып отыр. Ал ананың туыс-туғандарымен комиссияның арнайы мамандары сұхбат жүргізетін болады. Аналар өлім-жітімінің жариясыз аудитін жүргізуді алғаш рет 1952 жылы Ұлыбритания енгізді. Бүгінде экономикасы дамыған еуропалық елдерде 100 мың тірі туылған нәрестенің 4-10-ы өліммен аяқталады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 100 мың тірі туылған нәрестеге 31-ді құрап отыр. Соңғы 7 жыл ішінде жүктілік пен босануға қатысты әртүрлі себептермен республикада жыл сайын 100-ден астам әйел қайтыс болған. Аналар өлім-жітімінің жариясыз аудиті жөніндегі орталық комиссияның көмегімен 2015 жылға қарай аналар өлімін төменгі ? 100 мыңға 15 көрсеткішіне жеткізу көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар