Қазақстанда аналогтік телехабар қалыпқа келтірілді - Көлік және коммуникация министрлігі
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Аналогтік хабар тарататын телеарналар трансляциясы сандық хабар таратуды қосымша энергоқуат қорымен қамтамасыз етуге арналған дизельдік электростанцияға қосу арқылы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге салып өтейік, ағымдағы жылғы 28 шілдеде сағат 19:40-та өзге бір ұйымның жерүсті жұмыстарын жүргізу барысында шоғырсымның үзіліп кетуі салдарынан аналогтік телехабар тарату электр қуаты көзінен ажыратылған болатын. Бірақ, Сандық телехабар мен радио хабарларын тарату қалыпты режимде жүргізілді.
Қазіргі уақытта «Көктөбе» РТС-дағы энергомен жабдықтаудың сыртқы желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қалпына келтіру жұмыстарын 2013 жылғы 29 шілдеде толық аяқтау көзделуде.