Қазақстанда аңшылар мен аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестігі құрылмақ
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда аңшылар мен аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестігі құрылмақ.
Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның атап өтуінше, бүгін ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңына енгізілген аңшылық шаруашылықтарын дамыту мәселелерін реттейтін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жөніндегі кеңес өткізді. Оған республиканың барлық облыстарының аңшылары, аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық испекцияларының басшылары қатысты.
Қазіргі кезде республика аумағында 100 мыңнан астам аңшы, 650-ге жуық аңшылық шаруашылық, қоғамдық қорлар, аңшылық дүкендер және аң аулау мен шетелдік туристердің саятшылығын ұйымдастыратын ұйымдар тіркелген.
Айта кетерлігі, 2011 жылы аңшылық ісін пайдаланушылармен аңшылық шаруашылықтарын дамытуды қаржыландыруға 1415,3 млн. теңге бөлінді.