Қазақстанда апаттар медицинасы орталығын жарақтандыру күшейтілмек

«Төтенше жағдайлар министрлігінің апаттар медицинасы орталығы кезекші бригадалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта апаттар медицинасы орталығын күшейту, оның ішінде 4 трассалық медициналық-құтқару пункттерін, 2 мобильді далалық госпитальдарды құру, автомобиль паркін жаңарту үшін қаржы бөлу бойынша шаралар пысықталуда»,- деп жауап берді Әлихан Смайылов депутаттық сауалға.
Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде халыққа көрсетілетін медициналық көмектің тәртібі, түрлері мен көлемі қайта қаралатын болады (Үкіметтің 2020 жылғы 26 қарашадағы қаулысымен 796 бекітілген).
«ҚР төтенше жағдай туралы заңына сәйкес әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың және оның салдарларының алдын алу және жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалануға құқылы», - дейді Үкімет басшысы.