Қазақстанда апаттық жағдайдағы үйлерді бұзу барысында Анкара тәжірибесі қолданылады - С.Нокин

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда апаттық жағдайдағы уйлерді бұзу жобасын жасақтау барысында Анкара тәжірибесі қолданылады.

Қазақстанда апаттық жағдайдағы үйлерді бұзу барысында Анкара тәжірибесі қолданылады - С.Нокин

Бұл туралы бүгін Астанада «Қолжетімді баспана-2020» жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин  мәлім етті.

Құрылыс агенттігі басшысының атап өткеніндей, аталмыш жобаны биылдың өзінде Астана қаласында және Маңғыстау облысында іске асыру жоспарлануда.

«Бұл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жаңа бағыты.  Апаттық жағдайдағы үйлерді бұзудың ілкі жобасын жасақтау барысында Анкараның қалалық ортаны регенерациялау бағдарламасы негізге алынды», - деді С. Нокин.

Осы мақсаттарға 2012-2013 жылдарға Астана қаласына 40 млрд. теңге бөлінбек. Ал Маңғыстау облысына 2013 жылы және 2014 жылдары 5 млрд. теңгеден, жалпы сома 10 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.