Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық ауыс-түйіс

АСТАНА. KAZINFORM — Өтіп бара жатқан апта ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдарда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды.

кадрлық тағайындау
Фото: Pixabay

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Данияр Қабидоллаұлы 2007-2011 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-елшісі, 2012-2013 жылдары Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаменті директорының орынбасары, 2013 жылы Қазақстанның Малайзиядағы кеңесші-елшісі, 2013-2019 жылдары Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі, 2019-2023 жылдары Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі қызметтерін атқарған.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментін енді Талғат Сәбиев басқарады. Ол бұған дейін Қостанайдағы ведомствоға жетекшілік етті.

Талғат Сәбиев 1978 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. 

2002 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Заңгер», 2016 жылы академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «экология» мамандығы бойынша тәмамдады. 

Еңбек жолын 1999 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы «Чернышевский» ЖШС заңгер-кеңесші ретінде бастаған. 

Кейін Қостанай қалалық сот әкімшілігінде сот орындаушы, Қостанай қала әкімі аппаратының бас маманы, Көші-кон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы, Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы болып еңбек етті. 

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жалпы еңбек өтілі 12 жылдан астам. Қостанай облысы бойынша экология департаментінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары болып еңбек етті. 

Ал 2020 жылдан бастап соңғы тағайындауға дейін Қостанай облысы бойынша экология департаментін басқарды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Лаура Мерсалимова әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды.

1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі АХАЖ бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары — ҚР ӘМ жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2010-2014 жылдары — ҚР ӘМ департаменті директорының орынбасары.

2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2014-2023 жылдары — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор — департамент директоры.

2024 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР әділет вице-министрі (А. Қ. Мұқанова әлеуметтік демалыста болған кезде).

2024 жылдың қыркүйегінен бастап бұрын осы қызметті атқарған Алма Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметіне Бердібек Қартбаев тағайындалды.

Бердібек Қартбаев 1989 жылы туған.

Білімі жоғары. 2010 жылы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде, 2013 жылы С. Бәйішов атындағы Ақтөбе университетінде, 2022 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде білім алған.

Еңбек жолын 2012 жылы Жаңаөзен қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы болып бастаған.

2013 -2020 жылдары Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының ТКШ бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқанған.

2020 жылы ҚР Ұлттық экономика министрілігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті табиғи монолияларды және бағаларды реттеу бөлімі басшысының міндетін атқарушысы болған. Кейін дәл осы бөлімнің басшысы қызметіне тағайындалған.

2021-2022 жылдары Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

2022 жылдан осы уақытқа дейін «МАЭК» ЖШС-інде маркетинг және өтім департаментінің басшысы және өтімділікті басқару департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Ол — бұған дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Нұртас Сали.

Нұртас Сали «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы «Маңғыстау-Медиа» ЖШС контент-менеджері болып бастаған.

2014-2017 жылдары — Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы, 2019 жылдан 2022 жылға дейін ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысы жастар саясаты басқармасының басшысы, сәуір айынан бастап 2023 жылдың мамыр айына дейін Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

2023 жылдан осы күнге дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Ол — бұған дейін Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарған Нұрбол Телегенов.

Нұрбол Телегенов Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалының меңгерушісі, «Жас Отан» жастар қозғалысының басшысы және «Отан» партиясының орталық аппаратының референт-хатшысы болып бастаған.

2005-2006 жылдар аралығында Республикалық студент жастардың еңбек құрылыс отрядтарының штабының атқарушы директоры, менеджер-заңгері қызметін атқарған.

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты департаментінің жетекші маманы болды.

2007-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитетінің балаларды қамқорлыққа алу және көмек көрсету басқармасының бас маманы, қаржы-экономикалық басқармасының бас сарапшысы, әкімшілік-кадр және құқықтық жұмыс басқармасының сарапшысы және заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

2008-2009 жылдары аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымда еңбек етті.

2009 жылы «Қазақстан темір жолы» АҚ персоналды басқару департаментінің менеджері болды.

2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

2013-2014 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің фронт-кеңсе қызметінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қоғаммен байланыс жөніндегі ресми өкілі және Президент Іс Басқармасы ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі мемлекеттік тілді дамыту секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2014-2019 жылдары Президент Іс Басқармасы ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету секторының бас консультанты қызметін атқарған.

2019-2024 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазірге дейін Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының басшысы қызметіне Ерік Тұрсынғалиев тағайындалды. Ол биыл сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Ерік Тұрсынғалиев 1988 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын, 2010 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2009 жылы «Olympex Advisers» ЖШС ассистент, кеңесші болып бастаған.

2012-2015 жылдары аралығында ҚР Қаржы Министрлігінің Қаржы бақылау комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы, 2015 — 2018 жылдары аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы және Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттері басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2018-2024 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, төрағасы болып қызмет етті. 

2024 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып Ержан Қарымсақов тағайындалды.

Ержан Қарымсақов 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер», 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес» бакалавры дәрежесі бойынша бітірді.

2001-2005 жылдар аралығында Қызылорда облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде түрлі қызметтер атқарды.

2005 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде консультанттан бастап, бөлім басшысына дейін жұмыс істеді.

2023 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында еңбек етіп келді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Ернар Мақажанов тағайындалды.

Ернар Әбсейітұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «маркетинг және коммерция», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде инспектор болып бастап, аға инспектор, бөлім бастығы, ауданаралық бөлім бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының аға қызметкері, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып еңбек етті.

Әр жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2014-2016 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті басқармасының бас консультанты болды.

2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде басқарма басшысы болды.

2020 жылдан осы соңғы тағайындауға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымы бойынша агенттік төрағасының бұйрығымен Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы лауазымына Қанат Сүлейменов тағайындалды.

Жаңа басшыны қала активі мен қызметкерлерге агенттік төрағасының орынбасары Мақсат Жебегенов таныстырды.

Қанат Тұрсымбайұлы 1968 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін бітірген. 
1994-2019 жылдар аралығында ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2019 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу департаментін, 1-департаментін, агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментін басқарды.

Сондай-ақ, агенттіктің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы лауазымын абыроймен атқарды.

Алматы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен Алатау ауданының әкімі лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды.

Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «көлік» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қаласындағы «Агро-Консалтинг — К» АҚ стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеген, сондай-ақ Алматы қаласының «Алматы жылу желілері» ЖШС-де, Алматы облысының «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызмет атқарды.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі болып жұмыс істеді.

2023 жылы маусымнан бастап қазіргі дейін Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар