Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

тағайындау
Фото: freepik.com

30 қыркүйекте Дәурен Қосанов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Дәурен Жұматайұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болды.

1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Әскери-әуе академиясын бітірген.

1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы, ҚазКСР, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

Үшарал жауынгерлік полкінде қызмет етті.

Талдықорғандағы «Су-27» эскадрильясының командирі болды.

Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;

Шымкент авиабазасының командирі;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

«Әскери ұшқыш мерген». II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

Апта басында Нұрлан Борсукбаев Абай облысы Жарма ауданының әкімі болып тағайындалды. 

Нурлан Мухаметракымұлы Борсукбаев 1975 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Семей мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2006 жылы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Семей қаласының салық инспекциясының маманы ретінде бастаған. 1999 жылдан 2006 жылға дейін Семей қаласы бойынша Салық комитетінде салық инспекторынан бастап ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығына дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Салық комитеті өндірістік емес төлемдер басқармасының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыс бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2008 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Салық комитетінің Бородулиха ауданы бойынша салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімін басқарды.

2008-2017 жылдар аралығында Семей қаласы бойынша Салық комитетінде тіркеу бөлімінің басшысы, жеке тұлғалардың салықтық аудиті бөлімінің, ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың маусым айына дейін Бесқарағай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасын басқарды, кейіннен аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2020 жылы «Smart concept» ЖШС директоры лауазымына ауысып, 2023 жылға дейін жұмыс істеді. 2023 жылдан қазіргі тағайындалғанға дейін Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы болып қызмет атқарды. 

1 қазанда Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалды. 

Әзімбек Пазылбекұлы 1991 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Білімі — жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін және «Болашақ» университетін бітірген. Мамандықтары — мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, құрылыс, құқықтану.

Еңбек жолын 2013 жылы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастап, жетекші маман, бас маман қызметтерін атқарды. 

2015 жылы Қызылорда қаласының әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болса, одан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің коммуналдық шаруашылық басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болып еңбек етті. 

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті коммуналдық шаруашылық басқармасының бас сарапшысы, басшысы болып жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқармаларын басқарды. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарында абыройлы еңбек етті. 

1 қазан күні Нұрбол Тұрашбеков Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2005 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер-экономист. 

Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастады. 

2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі; 

2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры; 

2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры; 

2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымында еңбек етті. 

Бірнеше жауапты қызметтерде жұмыс істеген Нұрбол Тұрашбеков 2017-2020 жылдар аралығында Түлкібас ауданының әкімі, 2020 — 2021 жылдары Ордабасы ауданының әкімі болды. 2021 жылдың маусым айынан бері Түркістан қаласының әкімі лауазымын атқарып келді.

Нұрбол Тұрашбеков облыс әкімінің орынбасары ретінде ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу салаларына жетекшілік етеді. 

Сейсенбі күні ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Орал қаласының әкімі болып Мұрат Болатұлы Байменов тағайындалды

Мұрат Байменов 1969 жылы дүниеге келген. Әр жылдары БҚО қаржы басқармасы бастығының орынбасары, Шыңғырлау және Зеленов ауданы әкімдерінің орынбасары, БҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің меңгерушісі, БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары, «Жайық жылу қуат» АҚ бас директоры қызметтерін атқарған.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 

2 қазанда Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Шағалтаева Айгүл Қошмұхаметқызы Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды. 

Айгүл Шағалтаева 1968 жылдың 26 шілдесінде Қарағанды облысында дүние келген.

1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, гигиенист- эпидемиолог дәрігері мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1993 жылы Ақмола қаласы санитарлық- эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігер болып бастады;

1998 жылдан 2001 жылға дейін Ақмола қаласы санитарлық- эпидемиологиялық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерущісі;

2001 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық басқармасының санитарлық -дәрігер;

2003 жылдан 2005 жылға дейін Астана қаласы медициналық колледжісінің оқытушысы;

2005 жылдан 2007 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрылыс және объектілерді қайта құру бөлімінің бас маманы;

2007 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау департаментінің емдеу профилактикалық объектілерге бақылау және дезинфекциялау, стерилизациялау іс-шараларын жүргізу бөлімінің бастығы;

2014 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау Департаментінің ішкі ауруханалар инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы;

2017 — 2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары;

2019 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» басшының орынбасары.

Биылғы 2 қазаннан бастап Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып жұмыс істеген еді. 

4 қазанда Президент Жарлығымен Марат Қожаев Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. 

Туған жылы: 1964 жыл 23 ақпан

Білімі: 1989 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірді;

2001 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ академиясын заң факультетін бітірді.
1984-1985 жылы — Алматы облысы Ішкі істер департаменті Қаскелең ауданы ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысының полиция қызметкері;

1985-1989 жылдары — КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің студенті;

1989-1996 жылдары — Алматы облысы ІІД ІІІ, Қаскелең аудандарының тергеушісі;

1996-1997 жылдары — Алматы облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінің аға тергеушісі, басқарма бастығы. Алматы облысы Ішкі істер департаментінің тергеу қызметінің ауыр қылмыстарын тергеу бөлімінің бастығы;

1997 жылы — Алматы облысы Ішкі істер департаментінің тергеу қызметінің бастығы;

1997-2001 жылдары — Көліктегі Ішкі істер бойынша Шығыс дирекциясының тергеу қызметінің бастығының орынбасары;

2001-2004 жылдары — Алматы қаласы ІІБ Тергеу басқармасының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеу бөлімінің бастығы;

2004-2007 жылдары — Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары;
2007-2009 жылдары — Алматы қаласындағы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бөлімінің меңгерушісінің орынбасары (тергеу);

2009-2012 жылдары — Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары;

2012-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы;

2014 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың желтоқсанына дейін — Павлодар облысы ІІД бастығы.

2017 жылғы желтоқсанда — Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.

2019 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар, жүлделер, құрметті атақтар: «3 дәрежелі мінсіз қызмет үшін» медалі, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткері» төсбелгісі.