Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. KAZINFORM – Өткен аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Апта басында Айзада Амангелдіқызы Құрманова Үкімет қаулысымен мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Апта басында Айзада Амангелдіқызы Құрманова Үкімет қаулысымен мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Айзада Құрманова 1970 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын, Инновациялық Еуразия университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі, ОМ директоры болып жұмыс істеді.
2002-2007 жылдары — Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2007-2009 жылдары — Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.
2009-2011 жылдары — Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.
2011-2014 жылдары — Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі.
2014-2016 жылдары — «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016-2020 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
Ал, Төлеген Сәрсембаев ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.
Ол 1968 жылы Түмен облысында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітіріп, кейін құқықтану мамандығы бойынша Қ.А. Яссауи атындағы Мемлекеттік халықаралық Қазақ-Түрік университетінің дипломын алды.
Еңбек жолын Алматы зооветеринарлық институтының бухгалтері, «Ақсай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы болып бастады, 20 жылдан астам мемлекеттік кірістер органдарының облыстық департаменттерінде жұмыс істеді және басқарды.
Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
2023 жылғы шілдеден бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі болды.
Төлеген Сәрсембаев салық және қаржы қызметінің үздігі, бірқатар мемлекеттік наградамен және құрметті атақтармен, соның ішінде «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Бұл аптада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына жаңа басшы келді. Ол – Асхат Хасенов.
Асхат Хасенов сондай-ақ ҚМГ директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядтағы операторы болып бастаған.
2006 — 2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маман, бас маман, мұнай-газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице-президенті болды.
2011 — 2019 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің меминспекция және рұқсат беру басқармасын, мұнай химия және техникалық реттеу департаментін басқарды.
2019 — 2022 жылдары — «KLPE» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары.
ҚазМұнайГазға тағайындалғанға дейін 2022 — 2024 жылдары аралығында ҚР энергетика вице-министрі болып қызмет етті.
Апта ортасында спорт саласында да бірнеше тағайындау болды. Атап айтсақ, Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті Olympism 365 комисиясының мүшесі болып тағайындалды.
Комиссия құрамына ХОК мүшелері, Олимпиадалық қозғалыстағы танымал функционерлері, сондай-ақ, Иорданияның тақ мұрагері, ханзада Фейзал Әл Хуссейн, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының президенті Себастьян Коэ, Катар ҰОК президенті, шейх Джоан бин Хамад бин Халифа Әл Тани, сондай-ақ белсенді спорт қайраткерлері мен танымал олимпиадашылар бар.
«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Александр Кержаков тағайындалды.
Александр Кержаков Ресей футболының (233 гол), санкт-петерборлық «Зениттің» (161 гол), Ресей құрамасының (30 гол) тарихындағы үздік сұрмергені атанған. Ойыншы ретінде «Зениттен» бөлек испаниялық «Севилья», швейцариялық «Цюрих» пен Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командаларында ойнаған.
УЕФА, Испания кубогы мен суперкубогының, Швейцария Кубогының иегері.
Александр бапкерлік мансабын 2017 жылы «Зенит» футбол кулбы академиясында бастады.
2018-2020 жылдар аралығында Ресейдің 17, 18, 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырған.
Сонымен қатар ол ресейлік «Томь» және «Нижний Новгород», кипрлік «Кармиотисса» мен сербиялық «Спартак» Суботица футбол клубтарын баптаған.
Сондай-ақ Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Тілек Махуов тағайындалды.
Тілек Алдабергенұлы 1977 жылы Атырау облысында туған. Оның екі жоғары білімі бар.
1999 жылы Атырау мұнай-газ институтын, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылды «Болат-Жол» АҚ-да жұмысшы болып бастаған. Ал, мемлекеттік қызметке 2004 жылы келген.
2004-2006 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, 2006-2008 жылдары Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. Бұдан соң Индер ауданында, Атырау қаласындағы «Қалакөркемдеу» КМК-да жоспарлау және құрылыс бөлімінің басшысы, 2009-2010 жылдары «ТМ Проект Строй» ЖШС бас инженері болған.
2011-2012 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде күрделі құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, 2013-2014 жылдары Астана қаласында «Аутсорсинг-Кадры», «BI-Development» ЖШС-да прораб, жетекші маман, 2014-2017 жылдары Атырау облысындағы Жылыой аудандық құрылысы, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымын атқарған.
Ал, 2017-2022 жылдары «БатысҚұрылысИнвест» ЖШС-нің атқарушы директоры, 2023 жылдан осы тағайындауға дейін Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.
Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметіне Ермахан Абдраманов тағайындалды.
Ол ҚР ІІМ-нің Алматы қаласы жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын жедел уәкіл болып бастаған, әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2022 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған.