Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. KAZINFORM — 8-14 маусым аралығында Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі мен өңірлерінде бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Kazinform осы аптадағы негізгі тағайындауларға шолу жасайды. 

тағайындау
Фото: Gov.kz

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Бауыржан Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастады. Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары, Қызмет бастығы, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып қызмет істеген.

2022 жылғы мамырдан Қарағанды облысының прокуроры болды. Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Қарағанды облысының прокуроры болып Мұрат Тілеубердиев тағайындалды

1973 жылғы 20 қарашада Алматы облысының Каскелең ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

Мұрат Әжінұрұлы прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Қызмет жолында қадағалау органының түрлі құрылымдарында еңбек етіп, қарапайым қызметкерден бастап жетекшілік лауазымдарға дейін көтерілді.

Әр жылдары Алматы қаласы прокуратурасында бөлім және басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласының Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, кейін Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды. Кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында кадрлық даму департаментін басқарды. 2023 жылдың мамыр айынан бастап Түркістан облысының прокуроры қызметін атқарып келді.

ҚР Әділет министрлігі аппарат басшысының бұйрығына сәйкес, Даниел Ғалиханұлы Татаев Павлодар облысы әділет департаменті басшысы лауазымына тағайындалды.

Даниел Ғалиханұлы 1976 жылы Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінің түлегі.

Еңбек жолын 1994 жылы Арқалық ет комбинатының тон-тері цехының жұмысшысы болып бастаған. 2001 жылдан бастап Әділет министрлігінде жетекші маман, халықты тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары және тағы басқа жауапты қызметтерді атқарған. Соңғы лауазымдық қызметі — Әділет министрлігі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті құжаттарды бақылау басқармасы басшысы.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бекболат Серікұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін бітірген.

Еңбек жолын «Элит Құрылыс Строй» ЖШС-да инженер-бағдарламашы болып бастаған. 2014–2016 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті басқармасының бас сарапшысы. 2016–2018 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, орынбасары. 2018–2019 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің цифрландыру департаменті директорының орынбасары.

2019–2022 жылдары — Цифрландыру департаменті директорының орынбасары, директоры, Цифрлық трансформация департаментінің директоры, Цифрлық шешімдер департаментінің директоры, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары. 2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР әділет вице-министрі қызметін атқарды.

Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Ердос Жүсіпов тағайындалды.

Ердос Жанатұлы 1989 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2011 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, ал 2023 жылы Торайғыров университетін «Computer Science» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өңірлік кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2011 жылы «Шаһар Press» ЖШС-де тілші болып бастаған. 2014-2023 жылдар аралығында ақпараттық технологиялар саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2024 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін «PetroRetail» ЖШС-нің Астана қаласы және Павлодар облысы бойынша филиалында өңірлік менеджер қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Аппарат басшысы болып Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы тағайындалды.

Бұған дейін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған. Мұрат Сейтмолдаұлы 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, ал 2020 жылы Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған. Азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Қызмет жолын Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанты ретінде бастап, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына дейінгі барлық қызметтік сатылардан өткен. Еңбек жолын Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

2006-2010 жылдары мемлекеттік өрт бақылау бағыты бойынша әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2010 жылы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2016 жылы өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы болды. 2017 жылдан бастап департамент бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдан бері Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.

Дәурен Тілеубергенов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Бұрынғы атқарған лауазымы — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың бұйрығымен Сейфулла Смайылов Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалды.

Сейфулла Смайылов Омбы мемлекеттік педагогикалық институтын «География пәнінің мұғалімі және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. География ғылымдарының кандидаты және PhD дәрежесінің иегері.

Еңбек жолын 1993 жылы география пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін жоғары білім беру жүйесінде қызметін жалғастырып, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен Павлодар педагогикалық университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент және құрылымдық бөлімшелердің басшысы қызметтерін атқарған.

2021–2022 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім беру мазмұны институтында жетекші ғылыми қызметкер болды. 2022–2025 жылдары аталған институтты басқарып, орта білім беру мазмұнын жетілдіру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік етті.

2025 жылғы желтоқсаннан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.

30-дан астам ғылыми еңбектің, 6 оқу құралының, бір монография мен энциклопедиялық басылымның авторы. Web of Science халықаралық деректер базасында жарияланған ғылыми мақалалары бар.

Конкурстық комиссияның шешімімен және Семей қаласы әкімінің өкімімен Еркебұлан Тұрсын Семей қаласы әкімінің аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Еркебұлан Серікқалиұлы 1993 жылы Алматы облысы Қонаев қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжді «Шет тілі» мамандығы бойынша, 2016 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетті «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, Шәкәрім атындағы университетте «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, 2022–2025 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантурада білім алған.

Еңбек жолын 2012 жылы «Сана» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінде төраға орынбасары қызметінен бастаған. Әр жылдары Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде және «Қайнар жоғары колледжі» ЖШС-де оқытушы, «Қазақстан жастарын қолдау» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Sarzhal Agro» ЖШС-нің директоры, Абай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығының директоры қызметтерін атқарған.

2026 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін «Абай облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде қала әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

Ақтөбеде төрт соттың судьясы тағайындалды
https://kaz.inform.kz/news/aktobede-tort-sottin-sudyasi-tagayindaldi-8fde30b9
Ақтөбе облыстық сотындағы жиында судьялар таныстырылды. Атап айтқанда Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымына Ержан Құрманов, Ақтөбе облыстық сотының судьялары лауазымына Жұлдыз Биманова және Жеңіскүл Сұлтанова, Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы лауазымына Дамир Пангерей тағайындалды. Ал Нұргүл Сағындық Қобда аудандық сотының судьясы болды.


Қостанай облыстық сотында жалпы отырыс өтіп, онда сот төрағасы Алмат Ерманов облыстың сот жүйесіне жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

2026 жылғы 9 маусымдағы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, Қостанай облыстық сотының судьясы қызметіне Мұрат Найманов тағайындалды. Ол бұған дейін мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы болған. Мұрат Найманов Қарағанды жоғары ІІМ мектебін тәмамдаған және сот жүйесінде 30 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Жангелдин аудандық сотының төрағасы лауазымына Абылай Қожақов тағайындалды. Оның сот жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жылдан асады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен зейнеткерлікке шығуына байланысты Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Батырбек Құдабаев пен Жітіқара аудандық сотының судьясы Бақтыбай Ысмұхамбетов қызметтерінен босатылды. Екеуінің де судьялық еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Сондай-ақ отырыс барысында Қамысты аудандық сотының жаңадан тағайындалған судьясы Максим Гагарин ант қабылдады.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясының жаңа төрағасы болып сайланды

Оның кандидатурасын партияның бұрынғы төрағасы Азат Перуашев ұсынды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттар Дания Еспаеваның кандидатурасын қолдады.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Әділхади Шығамбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 9 маусымдағы №1312 жарлығын сот ұжымына таныстырды

Жарлыққа сәйкес Қызылорда облыстық сотының судьялары болып Рысдәулет Шәмшиев, Меруерт Тоғызбаева, Эльмира Ахметова тағайындалды. Қызылорда қаласы №2 сотының төрағасы болып Исағали Тұңғышбаев, Жалағаш аудандық сотының төрағасы болып Олжас Әбдуқалықов тағайындалды. Сонымен қатар Санат Сержанов Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы лауазымын иеленді.
Таныстыру рәсімінен кейін жаңадан тағайындалған судья Санат Сержанов Қазақстан судьяларының антын қабылдады.