Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. 

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Фото: pexels.com

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Рыспеков Дастан 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды. 2020 жылдың ақпан айынан бастап Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болды.

Бұған дейін Ұлытау облысының әкімі болған Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне кірісті.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.

2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері, 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, 2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарды.

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бауыржан Әленов 1976 жылы 8 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді. Ол бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Ішкі істер министрлігінің жедел қызмет департаментінің бастығы болған.

2004 жылы «Фемида» заң институтын тәмамдаған, 2012 жылы Қарағанды заң институтының магистр дәрежесін алды. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылдың мамыр айында бастады.

Ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы, оған дейін Қазақстан ІІМ жетінші департаментінің бастығы болған.

Алматы облысының Полиция департаментін 2022 жылдың қаңтар айынан бері басқарған.

Танжарықов Берік Қуанышұлы Қостанай облысы әкімінің құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Берік Қуанышұлы 1990 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2011 жылы Астана қаласындағы «Fire Safety Engineering» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.

2012 жылдың қазан айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласында «Dondil Construction CO.LTD» ЖШС инженері болып жұмыс істейді.2014 жылғы мамырдан 2015 жылғы шілдеге дейін Астана қаласында «Astana Metal Construction» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарады.2014 жылдың қазанынан 2015 жылдың қаңтарына дейін Астана қаласында «Аманат строй» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері болып жұмыс істеді.

2015 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың шілдесіне дейін Астана қаласында «Аманат строй» ЖШС-де прораб болып жұмыс істейді.

2015 жылдың тамызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін Қостанай облысы әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары қызметін атқарған.

2018 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы қазанға дейін Қостанай облысы әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып жұмыс істейді

2019 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып жұмыс істеген. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Лейля Гимранова Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі консультантының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Ол Қазақстан-Британ техникалық университеті және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің түлегі. 2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының» Жобалар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Ернар Мейірханов Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментін басқарады.

Ернар Сәрсенбайұлы 1982 жылы туған, Талдықорған қаласының тумасы. 2003 жылы Алматы жоғары әскери училищесін тәмамдады. Әскери қызметті Қапшағай қаласы әскери бөлімінің десанттық-шабуылдау взводының командирі қызметінен бастады.

Әр жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент штабының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

Осы тағайындауға дейін ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері қызметін атқарды.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Арман Бейсенбаев Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Арман Арун-Рашидұлының ішкі істер органдарында 28 жылдан астам еңбек өтілі бар. Жедел қызмет саласында әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол. Бұған дейін Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар Ұлықбек Мылтықов Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ұлықбек Тұрғынұлының ішкі істер органдарында 28 жыл еңбек өтілі бар. Бүгінге дейін Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарып келді.

«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып тағайындалды.

Бауыржан Жақып - 1963 жылы 1 мамырда бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Аққора ауылында туған. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Қазақ теледидарының әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында, одан кейін «Жалын» кітап баспасында редактор болып бастады. Қазақ теледидарында қызмет атқарған кезінде «Дидар» әдеби телеальманахын, «Халық қазынасы», «Жыр жазамын жүрегімнен», «Сұхбат» хабарларын әзірлеп, жүргізді. «Айтыс» хабарын жасауға қатысты. «Алатау» телеарнасы арқылы «Өлең – сөздің патшасы», «Баспасөзге шолу» циклді хабарларын жүргізді.

1986 – 2001 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыту- шы, стажер-зерттеуші, ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі, баспа ісі кафедрасының, мерзімді баспасөз кафедрасының меңгерушісі, журнал- истика факультетінің деканы болып істеді. 2009 жылы «Қазақ энциклопедиясының» бас директор- бас редакторы болды.

1994 жылы профессор Т.С. Амандосовтың жетекшілігімен «Мұхтар Әуезов – публицист» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын, 2004 жылы академик З.Қабдоловтың жетекшілігімен «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. 1997 жылы доцент, 2005 жылы профессор ғылыми атағын алды. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

2015 жылдың наурызынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінде ректордың кеңесшісі – «Өнегелі өмір» сериялық басылымы бас редакторының орынбасары қызметін атқарады.

2018 жылдың 12 наурызында өткен Қазақстан Жазушыларының ХV құрылтайында Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланды.