Қазақстанда арақ-шарап шығаратын 9 зауыттың заңсыз әрекеттері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір жарым жылда арақ-шарап шығаратын 9 зауыттың заңсыз әрекеттері анықталды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте агенттік төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.
None
None

«Талдамалық зерттеулердің негізінде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде тек өткен және ағымдағы жылда 9 өндіруші зауыттың есепке алынбаған өнімдерді өндіру қызметінің жолы кесілді», - деді М. Ахметжанов.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты 205 қылмыс тіркеліп, жалған өнім өндіруші 27 жасырын цех анықталды. Екі жарым млн. есептелмеген алкоголь өнімдері тәркіленді.

Белгілі болғандай, Қазақстанда ресми түрде 22 зауыт жұмыс істейді. Оның жартысына жуығы есепке алынбаған өнімді шығарумен айналысқан көрінеді.

Соңғы жаңалықтар