Қазақстанда Армия халықаралық ойындары басталды (ФОТО)
АСТАНА.ҚазАқпарат - Бүгін, 2 тамызда «Гвардейск» полигонында Армия халықаралық ойындары - 2016 сайысының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қр Қорғаныс мнистрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР Қорғаныс министрлігі оркестрінің салтанатты маршымен АрМИ-2016 додасының туы көтерілді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жарыстың ресми басталғанын жария етті.
Ойынның ашылу бағдарламасының өзгешелігі театрландырылған қойылым болды.
«АрМИ-2016 шеңберіндегі «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» ірі сайыстары Қазақстанда тамыздың 2-і мен 9-ы аралығында өтеді. Жарысқа қатысу үшін елімізге 12 елден командалар келді. «Мерген шебі» байқауында Қазақстан, Венесуэла, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Зимбабве, Үндістан, Иран, Моңғолия, Грекия, Арменияның әскери қызметшілері өнер көрсетеді. Үздіктер атағы үшін бақ сынасудағы артиллерияшылардың сайысында Қазақстан, Венесуэла, Қырғызстан, Қытай және Ресейдің өкілдері бәсекеге түседі. Жалпы алғанда, екі байқауға 278 адам қатысады. Яғни, 32 қазақстандық әскери қызметші және 246 шетелдік қатысушы», - делінген хабарламада.
Армия халықаралық ойындары халықаралық ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасудың, бейбітшілік пен ниеттестік кепілінің жаңа символына айналған.