Қазақстанда арнаулы жиынға қатысушыларға әскери шен беріледі
«Арнаулы жиынға шақырыған әскери қызметшілер блокбекеттерде тапсырмаларды орындайды. Олар санитарлық-эпидемиологиялық өңдеу жұмыстарына тартылады. Бір бөлігі, тиісінше жедел штабтар құрамында жұмыс істейді. Бұл әскерилер жедел штабта, блокбекеттер мен саниатрлық өңдеу бойынша жұмыс істеген адамдарды алмастыра алады», - деп түсіндірді Серік Боранбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен бірге, спикер Төтенше жағдай кезіндегі арнаулы жиындардың 3 айға дейін созылатынын еске салды.
«Бірақ, бұл жағдайда жиын мерзімі әкімдіктердің шешіміне, олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты болады», - деді С Боранбаев.
Еске сала кетейік, 2 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған еді.