Қазақстанда аса ауыр қылмыстары үшін сотты болған адамдар пойыз басшысы қызметтерін атқарып келген - баспасөз мәслихаты

АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанда пойыз басшылары болып, бұрын аса ауыр қылмыстары үшін сотты болған адамдар жұмыс істеп келген. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Байдалы Дәрімбетов айтты,

Қазақстанда аса ауыр қылмыстары үшін сотты болған адамдар пойыз басшысы қызметтерін атқарып келген - баспасөз мәслихаты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Филиалдардың басшылары (ред. - «Жолаушылар тасымалы» АҚ) сотты болғандарына қарамастан пара алу арқылы жолсеріктерін және пойыз басшыларын қызметке алған. Бұрын зорлау қылмысы үшін сотталған адамдардың пойыз басшысы болып істеген оқиғалары да болды», - деді ол.

«Бүгінде мұндай  тұлғалар жұмыстан шығарылды», - деп атап өтті басқарма төрағасы.

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, пойыз басшыларының сапалық құрамына жүргізілген талдау нәтижесі, жұмыскерлердің үштен бірінің біліктіліктері талаптарға сәйкес келмейтіндігін анықтаған. Онымен бірге, 224 пойыз басшысының 10 пайызға жуығы аса ауыр қылмыстары үшін сотты болған.

Сондай-ақ пойыз бригадалары мен билет кассирлерінің жұмысына қатаңдықты күшейту және біртұтас талаптар қою мақсатында жыл басынан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 109 билет кассирі (10 пайызы), 31 пойыз басшысы (14 пайызы) және 252 жолсерік (4 пайызы) жағымсыз себептерімен  қызметтерінен босатылды. Лауазым міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 180 пойыз бригадасының үштен бірі таратылды (54 бигада).

Сонымен қатар, соңғы бір жарым жыл ішінде 6206 жұмысшы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 331 қызметкермен еңбек келісімшарттары бұзылды.