Қазақстанда аса қауіпті инфекциялардың таралу атласы әзірленді

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - «Қазақстанда аса қауіпті инфекциялардың таралу атласы» әзірленді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің баспасөз қызметінен.
None
None

Атластың 1000 данасы жұмысында пайдалану үшін денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілді.

Оның қолданылу аясы - денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқа да салалары (геология, археология, магистральдық мұнай және газ құбырлары, автомагистральдар, темір жолдар және басқа да коммуникациялар құрылысы).

 Атласта оба, тырысқақ, күйдіргі, туляремия, сарып, лептоспироз, иерсиниоз, листериоз, геморрагиялық қызба, кене энцефалиті секілді 12 аса қауіпті және зооноздық инфекцияларға және инфекциялардың 12 негізгі тасымалдаушылары мен таратушыларына сипаттама берілген.

Атласта Қазақстанның Ұлттық атласы картасының электрондық нұсқалары пайдаланылды, бұл Қазақстанның табиғи жағдайларын кәсіби деңгейде сипаттауға мүмкіндік беріп отыр.

Атлас инфекциялық аурулардың таралу заңдылығын, халық арасында, техникалық, экономикалық және рекреациялық жобалар үшін қауіп-қатер деңгейін көрсетеді.

 Жоба халықтың, медицина қызметкерлерінің сақтығын арттыруға, аса қауіпті инфекцияларды диагностикалауды жақсартуға, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар