Қазақстанда әскери дрондар турнирі өтті: үш үздік команда анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда күштік құрылымдар арасында «MILITARY DRONE CHALLENGE» турнирі өтті. Сайысқа 15 команда қатысып, пилотсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің командасы бірінші орын алды.

Қазақстанда әскери дрондар турнирі өтті: үш үздік команда анықталды
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Жарысқа мемлекеттік органдардан 15 команда қатысып, әрқайсысында бес адамнан болды. Қатысушылар пилотсыз авиациялық жүйелер мен оларға қарсы іс-қимыл құралдарын пайдалана отырып, арнайы тапсырмаларды орындады.

Қазақстанда әскери дрондар турнирі өтті: үш үздік команда анықталды
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Турнирді ҚР Мемлекеттік күзет қызметі «Ashyq Aspan Foundation» қоғамдық қорының техникалық қолдауымен ұйымдастырды.

Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар әуеден барлау жүргізу, дронды басқару, оқу тапсырмаларын орындау және командалық үйлесімділік бойынша сынға түсті.

Қазақстанда әскери дрондар турнирі өтті: үш үздік команда анықталды
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  • 1-орын – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің командасы;

  • 2-орын – ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы;

  • 3-орын – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының командасы.

Қазақстанда әскери дрондар турнирі өтті: үш үздік команда анықталды
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің мақсаты – пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдану саласындағы кәсіби даярлықты жетілдіру, мемлекеттік органдардың техникалық әлеуетін арттыру және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Айта кетйеік, биыл Мемлекеттік күзет қызметін жетілдіруге бағытталған түзетулер мақұлданды.