10:43, 27 Тамыз 2020 | GMT +5
Қазақстанда әскери медициналық мекемелердегі барлық COVID-стационарлар жабылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда әскери медициналық мекемелерде коронавирустың таралуына байланысты жұмыс істеген барлық инфекциялық және провизорлық стационарлар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Карантиндік шаралардың қатаң сақталуының арқасында жеке құрамның арасында коронавирустық инфекция жағдайларының қысқаруына қол жетті. Инфекциялық және провизорлық стационар ретінде жұмыс істеген барлық 4 әскери-медициналық мекеме қайтадан штаттық жұмыс режимге ауыстырылды» деп жазды ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Твиттерде