Қазақстанда әскери-техникалық оқу орындарының жүйесі толықтай қайта қаралады

Руслан Жақсылықов
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бас әскери прокуратурамен бірлесе әскери-техникалық мектептердің жүйесін толықтай қайта қарау жоспарланып отыр. Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін Мәжілістегі баспасөз мәслихатында тілшілер министрден әскери оқу орындарындағы әлімжеттік сияқты заңға қайшы әрекеттерді жою мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

«Осыған дейін біраз адамды қызметінен босатып, тәртіпті күшейтіп жатырмыз. Қазір Бас әскери прокуратурамен бірлесе әскери-техникалық оқу орындарының жүйесін толығымен қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте ауқымды жұмыс атқарылмақ. Қорғаныс министрі ретінде армия мәселесімен айналысып жатырмын. Сонымен қатар, саладағы басқа да іс-шаралар назардан тыс қалып отырған жоқ», - деді Р. Жақсылықов.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасында әскери қызметтің жаңа түрін - резервтегі қызметті енгізу ұсынылды. Резервтегі қызмет - бұл аумақтық қағидаты бойынша (тұрғылықты жері бойынша) әскери қызметтің ерікті түрі.

Соңғы жаңалықтар