Қазақстанда астық бастырылмаған 1 млн. гектардан астам алқап қалды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 90 пайыз егістік алқабы орылды. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егін шаруашылығы департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті.
None
None

«Облыс әкімдіктерінің алдын ала мәліметтері бойынша астық алқаптарының шамамен 90 пайызы жиналды. Бұл ретте 18,5 млн. тонна астық, оның ішінде 14,6 млн. тонна бидай және 2,4 млн. тонна арпа бастырылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда егістік жинау науқанын аяқтау үшін әлі де 1 млн. гектар алқаптың дәнді-дақылын бастыру қажет.

Соңғы жаңалықтар