Қазақстанда ауа райы тұрақсыз сипатта болады - 2 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық дерлік аумағы циклон және онымен байланысты фронтальдық бөліктердің ықпалында болады, онымен бірге 2 ақпан күні ауа райы тұрақсыз сипатта болады деп күтілуде, жауын-шашындар болып, кейбір жерлерде жел күшейеді, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарда - бұрқасын күтіледі.

Қазақстанда ауа райы тұрақсыз сипатта болады - 2 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Шығыста ғана жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы, Жамбыл облысының кейбір жерлерінде жел екпінінің 23-28 м/с дейін күшеюі күтілуде.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с дейін күшейетін бұрқасынды желдің соғуы күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с дейін күшейеді, Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысының кейбір жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, бұрқасын болады.

Атырау облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жақын үш тәулікте Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының жекелеген аласа таулы өзендерінде жауын-шашындарға байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмеуде.