Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

4 шілдеде Астанада күндіз күн күркіреп, найзағай жарқылдауы мүмкін, өрт тұтану қаупі жоғары.

4 шілде Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында 4 шілдеде өрт тұтану қаупі жоғары болады.

4 шілде Ақмола облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың батысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Кокшетау қаласында 4 шілдеде күндіз найзағай жарқылдауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

4 шілде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. 4 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 4 шілде күндіз 35-37 градус ыстық болады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Өрт тұтану қаупі жоғары.

4 шілде күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, батысында 35-36 градусқа дейін күн ысиды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 4 шілде күндіз найзағай жарқылдауы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с жетеді. Күндіз 35 градус ыстық болуы мүмкін.

4 шілде Жамбыл облысының таулы аудандарында, 5-6 шілде солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. 4 шілдеде күндіз облыстың таулы аудандарында, 5-6 шілдеде тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін солтүстік-батыстан жел тұрады . 4-6 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 5-6 шілдеде күндіз найзағай жарқылдайды. 5-6 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 4-6 шілде аралығында өрт тұтану қаупі жоғары болады.

4 шілде күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 17-22, күндіз кей уақытта екпіні 27 м/с жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық сақталады. 4 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 4 шілдеде күндіз 35 градус ыстық болады, өрт тұтану қаупі жоғары.

4 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градусқа дейін күн ысиды. Облыстың оңтүстік-батысында өрт тұтану қаупі жоғары.

4 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. 4 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 4 шілдеде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

4 шілде Костанай облысының басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 4 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 4 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады. 4 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да өрт тұтану қаупі жоғары.

4 шілде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

4 шілде таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, онтүстігінде найзағай жарқылдайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. 4 шілдеде облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

4 шілде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде күн 35 градусқа дейін ысиды. Жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында да өрт тұтану қаупі жоғары.

Түркістан облысының тауларында 4 шілде күндіз күн күркірейді. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 4 шілдеде өрт тұтану қаупі жоғары.

4 шілде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. 4 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында күндіз күн күркіреп, найзағай жарқылдауы ықтимал.