Қазақстанда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады - 18 қаңтарға арналған болжам

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - 18 қаңтарда Қазақстанның бүкіл аумағы дерлік бұрынғыша атмосфералық ағындардың ықпалында болып, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын көтеріледі, күшті жел тұрады, көктайғақ болады.

Қазақстанда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады - 18 қаңтарға арналған болжам

Бұл туралы ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы ғана антициклон ықпалында болып, ауа райының ашық болуы күтіледі.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші түнде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл облысында - кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау, Атырау облыстарында - кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, күндз желдің екпіні 15-20 метр-секундқа дейін күшейеді.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түсуі күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде - Ақмола облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, бұрқасын көтеріледі.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігіндегі таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Қазақстанның басқа аумақтарындағы су нысандарында гидрологиялық режимде елеулі өзгерістер күтілмейді.