Қазақстанда ауа температурасы климаттық нормадан 5-7 градусқа артық - Қазгидромет
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қазақстанның басым аумағында күн райы ашық, сондықтан да тәуліктегі орташа ауа температурасы климаттық нормадан 5-7 градусқа артық, деп хабарлады Қазгидрометтің баспасөз қызметі.
«Дегенмен ауа массаларының, сондай-ақ атмосферадағы солтүстік-батыс ағымдардың ауысуы республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа температурасының төмендеуіне әкелді, аптаның ортасына қарай қалған аумақтарда да ауа бағамы төмендейді деп күтілуде», - делінген хабарламада.
Синоптиктер атап өткендей, атмосфералық ағымдар желдің күшейіп, республиканың жекелеген аудандарында нөсерлі жаңбыр мен бұршақ жаууына септігін тигізеді. Дегенмен ауа бағамы қатты төмендемейді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз ауаның температурасы +28-33 градусты көрсетеді, солтүстік, орталық пен шығыста +25+30 градус болады.