Қазақстанда әуедегі транзиттік жолаушылар тасымалы соңғы 7 жылда 5 есеге артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан Х «ТрансЕуразия-2017» көлік-транзиттік әлеует жөніндегі халықаралық конференцияда ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстанда әуедегі транзиттік жолаушылар тасымалы соңғы 7 жылда 5 есеге артқанын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

«Қазақстанда азаматтық авиация бойынша трендтердің дамуы байқалады. Елімізде азаматтық авиация саласы өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға өсті. Бұған қоса ұшақтардың географиялық аумағы да кеңейіп келеді. Ұшақпен ұшатын транзиттік жолаушыларды Қазақстан арқылы арттыру біз үшін өте маңызды фактор. Қазақстан транзиттік жолаушылар ағынын соңғы 7 жылда 5 есеге арттырды. Сонымен бірге, жыл сайын бұл көрсеткіштің артып келе жатқанын байқап отырмыз. Олардың негізгісі - Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға, Қытайға Алматы арқылы ұшады. Біз 37 мемлекетпен үкіметаралық келісімге қол жеткіздік. Бүгінгі күні 96 елге халықаралық бағдар бойынша ұшақ ұшады. Біз осы трендті сақтауды көздеп отырмыз», - дейді министр.
null 

Жеңіс Қасымбектің айтуына қарағанда, биыл Астанадағы әуежайға пилоттық нұсқа ретінде «Ашық аспан» жобасын басталып, шетелдік жолаушыларға жеңілдіктер көрсетілгенін атап өтті.

«ҚХР-дан келетін транзиттік жолаушылар үшін 72 сағаттық визасыз режимді енгіздік. Бүгінгі таңда Үндістаннан келетін жолаушылар үшін осы мүмкіншілікті беріп отырмыз. Қазақстанда жалпы көліктік құрылымның дамуына авиациялық транзит зор үлесін қосарына сенімдемін», - дейді Жеңіс Қасымбек.
null 

Еске сала кетсек, бүгін Астанада Х «ТрансЕуразия-2017» көлік-транзиттік әлеует жөніндегі халықаралық конференциясы басталды. Оған Латвия, Литва, Түркия, Әзербайжан, Ресей, Беларусь елдерінен 300-ге жуық делегат қатысуда.

Соңғы жаңалықтар
telegram