Қазақстанда ауыр созылмалы аурулары бар пациенттерге паллиативтік көмекке қолжетімділік артады

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдың басынан осы қызметтің мүмкіндіктерін кеңейту және ауыр созылмалы аурулары бар пациенттерді қамту мақсатында паллиативтік көмекті қаржыландыруды 42%-ға ұлғайтуда.

Студенты медики Медицина студенттері
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Бүгін Үкіметтің мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі отырысында атап өтілгендей, Денсаулық сақтау министрлігі лайықты күтімді қамтамасыз ету және паллиативтік көмекке мұқтаж барлық қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін бағдарламаларды жетілдіруді жалғастырады.

«Медициналық оңалтуға келетін болсақ, медициналық көмектің бұл түрі ересектерге кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия, сондай-ақ қатерлі ісіктері бар науқастар сияқты жеті бейін бойынша көрсетіледі. Соңғы 3 жылдың ішінде оңалту төсектерінің саны екі есе, 772 денсаулық сақтау ұйымының базасында 8 мыңға дейін ұлғайды», — деп жазды министрліктен.

Соңғы 5 жылдың ішінде ересек тұрғындардың мүгедектік құрылымы өзгеріссіз қалды. Бірінші орында қанайналым жүйесінің аурулары (26,8%), екінші орында — қатерлі ісіктер (26,2%), үшінші орында — психикалық аурулар (22,1%) тұр.

Соңғы жаңалықтар