Қазақстанда аумақтық қорғаныс туралы заң нормалары не үшін керек – министрлік жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов аумақтық қорғаныс аясындағы жаңа түзетулер не үшін керек екенін түсіндірді.

Султан Камалетдинов
Фото: кадр из видео

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заңы мақұлданды.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер заңнамаға «Ерікті» және «Өзін-өзі қорғауды қалыптастыру» сияқты негізгі ұғымдар неге дәл қазір енгізіліп жатқанын сұрады.

- Бір сөзбен жауап беруге болады, яғни алдын алу шаралары мақсатында енгізіліп жатыр... Мәселен, 10 жылдан кейін мүлдем басқа әскери құрылымдар пайда болуы мүмкін. Сондықтан аталған ұғымдарды дәл қазір енгізу қажет болды. Жалпы алғанда, оның ішінде әскери ғылымның дамуы әлемде және өңірде қалыптасып жатқан геосаяси жағдайға байланысты жүзеге асады. Егер ел азаматтары ерікті түрде өзінің үйін немесе кәсіпорнын қорғағысы келсе, бұл өз кезегінде құптайтын іс. Біз осындай адамдарға неге кедергі жасаумыз керек?!, - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Осы орайда ол әлемдегі геосаяси жағдайды ескере отырып, тиісті талдау жасалғанын және заңнамаға тиісті түзетулер енгізілгенін атап өтті.

Заңның мақсаты - Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін арттыру, халықтың, аумақтық қорғаныс объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде әрі соғыс уақытында қорғау.

 

Соңғы жаңалықтар