Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалардың саны 20 есеге көбейген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы он бір жылда Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалардың саны 20 есеге көбейген. Қазақстан Республикасы ұлттық-практикалық түзету орталығының мəліметінше, егер 2003 жылы елімізде аутизм ауруы анықталған 77 бала тіркелсе, 2014 жылы аутизмге шалдыққан балалардың саны 1 456 баланы құраған.

Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалардың саны 20 есеге көбейген

Ал, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын аутизм синдромы бар деген күдікпен 100-ге жуық бала тексеруден өтеді екен. «Болат Өтемұратовтың қоры қолға алған бұл бастама барлығына үлгі боларлық дүние. Жалпы, жыл сайын аутизмнің белгілері бар деген 100 бала анықталады. Бір күдік расталса, қуанышқа орай, кейбір балалардағы синдорм расталмай, олар кəдімгі өмір беріп жалғастыра береді. Ал, бүгін ашылған орталықтың пайдасы өте көп, себебі бұл жерде медицина мамандарымен қатар, педагог мамандар да жұмыс істейді. Мемлекет те өз тарапынан бала мен ана денсаулығын қорғауға көңіл бөледі»,-дейді аутизмге шалдыққан балаларға арналған «Асыл мирас» орталығының ашылуында С.Қайырбекова.