Қазақстанда ауыл халқының тек 74 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл халқының тек 74 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген.
Бұл туралы бүгiн елордада өткен дөңгелек үстелде "Тұрақты дамуға ықпал ету орталығы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Вера Мустафина мәлiм еттi.
Жиында атап көрсетiлгенiндей, "Тұрақты дамуға ықпал ету орталығы" қоғамдық қоры мен Кока-Кола компаниясының су байлығын тиiмдi пайдалану және басқару технологияларын енгiзуге бағытталған арнайы жобасының арқасында Ақмола мен Алматы облыстарындағы бiрқатар ауылдар сумен қамтылып отыр.
"Бүгiнде судың тапшылығына байланысты адамзат алдында үлкен мәселер тұр. Iшуге жарамды тұщы судың жетiспеушiлiгi ел iшiнде де байқалуда. Қазақстанда ауыл халқының тек 74 пайызы сумен қамтамасыз етiлген. Аталған жобалар ауыл халқының суға қол жеткiзуiне ықпал ететiндiгiне үмiттенемiн", - дейдi В. Мустафина.