Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі 3,4 пайызға өскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 4 410 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,4 % көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап өткенде, есептік кезеңде мал шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 2 044,9 млрд теңгені (былтырғы жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 3,9 пайыз көп), өсімдік шаруашылығы - 2 331,9 млрд теңгені (+3,1 пайыз) құраған. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет көлемі 11,8 млрд теңге, аң шаруашылығындағы өнімдер (қызметтер) 0,9 млрд теңге, орман шаруашылығында - 12,7 млрд теңге, балық аулау және аквамәдениетте - 7,8 млрд теңгені құрады.

Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар
telegram