Қазақстанда ауыл шаруашылығына жарамды жердің 60 пайызы пайдаға асып жатқан жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерінің 60 пайызы пайдаланып жатқан жоқ. Бұл туралы бүгін «KazMeatAstana-2016» атты халықаралық форумда ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 222 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар, олардың ішінде тек 91 миллион гектары ғана, яғни 40 пайызы пайдаға асырылып жатыр», - деп атап өтті ол.
Вице-министрдің сөзі бойынша, ауыл шаруашылығына жарайтын 60 пайыз жердің әлеуеті ел экономикасына қолданылмай тұр.
«222 млн гектар жердің 187 миллионы мал жайылымы. Өздеріңіз көріп отырғандай, елде мал шаруашылығының әлеуеті өте жоғары», - дейді вице-министр.
Айта кетейік, Астанадағы «КazMeatAstana-2016» халықаралық форумына 14 елден 300-ге тарта қатысушы келген. Олардың ішінде Қытай, Канада, Италия, Жаңа Зеландия, Түркия елдерінің өкілдері бар.

Соңғы жаңалықтар