Қазақстанда ауыр қылмыстар азайып келеді

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда аса ауыр қылмыстардың төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалуда. 2013 жылы оның көрсеткіші 14,7 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев мәлім етті.

Қазақстанда ауыр қылмыстар азайып келеді

Сонымен қатар ол қызметкерлердің кезектен тыс ауқымды аттестациясы басқарушы құрамды қосқанда құқық қорғау органдары персоналын айтарлықтай жаңартуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мұнымен қоса бизнеске әкімшілік қысымды төмендету мақсатында прокуратура органдарында кәсіпкерлік туралы заңдарды пайдалануды қадағалау бойынша арнайы бөлімдер құрылды.