Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстар 20 жыл бойы тұрақты азайып келеді - Ж. Асанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстар 20 жыл бойы тұрақты азайып келеді. Бүгін зорлық-зомбылық профилактикасына арналған ведомствоаралық кеңесте ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов осылай мәлімдеді.
None
None

Бас прокурордың сөзіне қарағанда, қазақстандықтардың жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жылдан жылға жақсаруда.

«Мәселен, Кеңес Одағының ең жақсы кезеңі деген 80-ші жылдары кісі өлтіру қазіргі уақыттан 2 есе көп болатын. Ол кезде жылына 1,5 мың болса, қазір 800-дей. Түрмедегілердің де саны 3 есеге азайды. Сондықтан ауыр және аса ауыр қылмыстар, атап айтсақ, кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық 20 жыл бойы тұрақты азайып келе жатқанын бар жауапкершілігіммен айта аламын», - деді Ж. Асанов.

Сонымен қатар, Бас прокурор зорлық-зомбылық проблемасына қатысты ортақ пікірдің бар екеніне де назар аударды. «Біз зорлық көрген әрбір ананы, қорлыққа ұшыраған әрбір баланы ұлттық трагедия деп бағалаймыз. Бұл айтқанымыз құрғақ сөз болмауы үшін кешенді жоспар жасадық. Онда заңнамалық, ұйымдастыру, басқа да нақты шаралар көзделген. Сонымен қатар, қазір Гендерлік теңдік стратегиясы әзірленіп жатқанын білеміз. Мүмкін, кейбір ұсыныстарымызды соған енгізу қажет болар», - деді Ж. Асанов.

Соңғы жаңалықтар