Қазақстанда автобус жүргізушісі мамандығы бойынша білім алушылар 20 есеге азайған
АСТАНА. KAZINFORM – 2014 жылға дейін D санаты бойынша 3 жыл көлемінде 84 мың адам оқыған. Кейін талаптар қатаңдатылып, мамандыққа деген қызығушылық күрт төмендеген.
Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қонаев қаласында өткен тұрғындармен кездесуде айтты.
«Бірінші жартыжылдықта Мәжіліс біз ұсынған өзгертулерге қолдау көрсетіп, тамыз айына дейін мәселе түбегейлі шешіледі деп үміттенеміз. Атап айтқанда, жас көрсеткіші 23 жасқа дейін азайып, D1 санаты үшін жүргізуші өтіліне қойылатын талап 3 жылдан 1 жылға дейін төмендейді. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, 2014 жылға дейін D санаты бойынша 3 жыл көлемінде 84 мың адам оқыған. Талаптар қатаңдатылғаннан кейін автобус жүргізушісі біліктілігі бойынша оқитындардың саны 4 мың адамға дейін қысқарған. Бұл өте аз», - Марат Қарабаев.
Министр мұнымен мәселе толықтай шешілмейтінін, десе де алғышарттары бар екенін атап өтті.