Қазақстанда автокөліктерді бензиннің орнына сұйытылған газға көшіру ынталандырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Энергетика министрлігі энергия үнемдеуге арналған бағдарлама әзірлеуді жоспарлап отыр. Ондағы мақсат - автокөліктерді бензиннің орнына сұйытылған газға көшіру мен шағын двигательді көліктерге жұртшылықты ынталандыру.

Қазақстанда автокөліктерді бензиннің орнына сұйытылған газға көшіру ынталандырылады

Атап айтқанда, еліміздегі энергоүнемдеу әлеуеті бастапқы энергетикалық ресурстардың жалпы тұтыну мөлшерінің шамамен 27 пайыз деңгейінде бағаланады.

Осы орайда Энергетика министрлігінің мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе әзірлеп жатқан бағдарламасын жүзеге асыру еліміздегі автопарктерді жаңғыртуға ынталандырады. Мұнымен қоса бағдарлама сұйытылған газға көшу есебінен мұнай өнімін тұтыну мөлшерін азайтып, шағын двигательді автомобильдердің санын арттыруға септігін тигізеді, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартады.

Бұл бағыттағы шаралар Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу саясатында үлкен маңызға ие болмақ әрі экология мәселелерді шешуде қомақты үлес қоспақ.