Қазақстанда автокөлікті қайта жабдықтау рәсімі қатаңдатылды

Процедуру переоборудования авто ужесточили в Казахстане
Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті ҚР СТ 1418-2018 «Автомотокөлік құралдары. Конструкцияға өзгерістер енгізу. Жалпы ережелер мен техникалық талаптар» ұлттық стандартын қайта қарады.

Бұл стандарт – автомобильдер конструкциясына өзгеріс енгізудің техникалық аспектілерін реттейтін елдегі жалғыз құжат.

Жаңа өзгерістер арасында:

• 2024 жылы 1 мамырдан бастап, аккредиттелген сынақ зертханалары беретін қауіпсіздікті тексеру хаттамасының бірыңғай формасы енгізіледі, онда көлік құралын және оның негізгі қауіпсіздік элементтерін қайта жабдықтау тәсілін сәйкестендіруге қажетті негізгі орындар міндетті түрде толықтырылады.

• сондай-ақ, 2024 жылы 1 мамырдан бастап, аккредиттелген сынақ зертханалары қайта жабдықталған көлік құралдарының қауіпсіздігін тексеру процесін фото-және бейнетіркеу міндетті болады. Бұл қауіпсіздікті тексеруді растауға және осы процедураны немқұрайлы жүргізетін жосықсыз зертханаларды анықтауға мүмкіндік береді.

• 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, қауіпсіздікті тексеру хаттамаларын беру электронды форматта жүзеге асырылады – бірыңғай реестрдің техникалық реттеу ақпараттық жүйесінде жарияланады.

«Осы уақытқа дейін мұндай тексерулер үшін қауіпсіздік хаттамасының нақты формасы, берілген хаттамалардың бірыңғай реестрі болған жоқ. Қандай да бір проблемалар туындаған жағдайда тексеру жүргізген зертхананы анықтау қиынға соғатын, бұл жауапкершіліктің жоғалуына әкеледі. Бұл өзгерістер автомобильдерді қайта жабдықтау кезіндегі рәсімдер мен қауіпсіздіктің ашықтығын арттыруға ықпал ететініне сенімдімін», - деп атап өтті комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Соңғы жаңалықтар